ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ ТАРЛАНЫ

14:00, 6 қараша 2020

1958 жылдың көктемі қазақ тарихында алтын әріптермен жазылады. Төл телевизия алғаш рет хабар тарата бастады. Жылдар жылжып, ұрпақ сабақтастығы жалғасқан шақта кейінгі буын отандық телевизияның дамуына сүбелі үлес қосқан мамандардың есімін ұмытпағаны ләзім. Сондай жандардың бірі қазақ телевизиясының көрнекті ардагері - Қажы Қорғанұлы. Ұлттық телевизияның кезінде ең танымал, маңдайалды дикторларының бірі болған. Жампоз журналист ретінде де оның «Бір хаттың ізімен» телеэкспедициясы, «Үш бәйтерек» телехикаяты, «Киіз үй», «Төрт түліктің төресі», тағы да басқа бейнефильмдері қазақ телевизиясының алтын қорына қосылған. Көк жәшіктен саңқ етіп естілетін осынау дара дауыс иесін кезінде жұрт айнымай танитын. Қажы Қорғанұлының қазақ телевизиясына сіңірген еңбегі елеулі. Әсіресе, ауылшаруашылық саласындағы келелі мәселелерді ол көп қаузады. Иә, Қажы Қорғанұлы жылдар бойы қазақ телевизиясының бет-бейнесі болды. Ол 12 жыл бойы диктор, 25 жыл журналист қызметінде тер төкті. Жолдасы Клара Қорғановамен иық тіресе еңбек етіп, телевизияға қырық жылға жуық ғұмырын арнады. Қажы Қорғанұлы журналистік ғұмырын еңбек адамын әспеттеуге арнады. Көпшіліктің көзіне көп түсе бермейтін қарапайым шаруалардың орасан зор еңбегін қалың көрерменге бүкпесіз көрсетті. Ол телеарна табалдырығын албырт шағында алғаш аттады. Осы салада шыңдалды, жетілді, дамуына үлес қосты. Сол себепті Қажы Қорғанұлының алтын дауысы мен телебағдарламалары қазақ телевизиясының алтын қорына қосылған құнды жәдігер.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...