Қалиханға құрмет көрсетілді

Жарма ауданының орталығы - Қалбатау ауылында қазақтың көрнекті айтыскер ақыны, танымал журналист Қалихан Алтынбаевтың ескерткіші орнатылды.

21:31, 7 тамыз 2017   88

Осы күні ақынның 90 жылдығына орай республикалық айтыс та болып өтті. Оған Ринат Зайытов пен Серік Қалиев бастаған 12 ақын келіп қатысты. Келесі күні аудан ипподромында бәйге ұйымдастырылды. Айтулы шара Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында айтылған тапсырманың аясында іске асты.

Қалбатаулықтар Қалихан Алтынбаевқа құрмет көрсетті. Аудан орталығындағы үлкен көшелердің бірінің бойына ақынның қолына домбырасын ұстап отырған ескерткішін орнатты. Жергілікті тұрғындар талай жылдан бері ойда жүрген арманның орындалғанына разы болды.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24