ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КӨНЕ АСПАП

13:23, 10 қыркүйек 2020

Қазақтың төл аспабы жетігенді жетік меңгеруге ынталы жастар қатары артып келеді. Өскеменде көне аспапты енді кәсіби түрде үйрететін мамандық ашылды. Бұл жас өрендерді  өнерге баулып, ұлттық музыка мәдениетін одан әрі насихаттауда зор ықпалын береді» дейді өнер жанашырлары. Көнеден жеткен жетігеннің көмей үні осылай сайрайды. Замана көшінен қалып, көпшілік жадынан өше бастаған сарын соңғы жылдары қайта жанданып келеді. Жетігенді жаңғыртуға ниетті жастардың бірі – Бекзат Серікова. Өскеменде домбыра сыныбын бітірген Бекзаттың кезінде жетігенге көңілі ауып, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында білім алды. Ол осы аспапты меңгерген санаулы кәсіби мамандардың бірі. Туған жерге қайта оралып, қазір Өскемендегі колледждердің бірінде жаңадан ашылған жетіген мамандығының ұстазы атанды. Жетігенге кәсіби баулитын білім ордалары ел бойынша тым аз. Ал көне аспапты тереңірек меңгеремін дейтін жастар жетерлік.  Солардың бірі – Айтолқын Халелова.  Жетігеннің тарихы тереңде. Б.з.д 4-5 ғасырда пайда болып, бертіндері мүлдем ұмыт болған аспап. Талай уақыт ескерусіз қалған жетігенге қазір сұраныс бар. «Ал жаңадан ашылған мамандық ұлттық өнердің ұмыт болмауына сеп» дейді өңірге белгілі күйші Шалқар Рысханов. Музыка зерттеушілері «жетігенде сүйемелденген ән-күйлердің көбі шығысқа тән» дейді. Дегенмен, кәсіби білім беруде әдістемелік құралдардың аздығы байқалады. Бұл аспаптың өз бабы бар. Үнін отырғызбай жасай алатын шеберлер де саусақпен санарлық. Қазір жетігенді жанына серік еткен жандар Алматыдан арнайы тапсырыспен ғана жасатып жүр.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
14:02, 16 қыркүйек 2020
ТҰРҒЫНДАР ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар