ШҰҒЫЛ! ЕЛДІҢ АШУЫН ТУҒЫЗҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫ Толығырақ

ГЕРМАНИЯДА ҚАЗАҚТЫҢ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

17:17, 14 қаңтар 2021

Қазақтың мәдениетімен, салт-дәстүрімен бұдан былай еуропалықтар етене таныс болады. Германияның Айфель аймағында Қазақстанның мәдени орталығы бой көтереді. Мемлекеттік қорықтың 39 гектарына орталық тұрғызуға жариялаған неміс үкіметінің грантын қазақ кәсіпкері Жанна Штрак ұтып алды. Қазақстанды еуропалықтарға танытып жүрген қандасымыздың болашаққа жоспарлары көп. Үкілі домбыра, қамшы, қошқармүйіз оюымен безендірілген көрпешелер, тіпті күбі де тұр қақ төрде. Жаннаның қонақ бөлмесі жанға жайлы. Үйіне келген меймандар алдымен қазақтың ұлттық бұйымдарымен, музыкалық аспаптарымен танысады. Сонан соң, қазақ тағамдарынан дәм татады. Бұған дейін жылқы етін жеп көрмегендердің қазір қазы-қарта ең сүйікті тағамы. Жамбыл облысының тумасы Жаннадан жолдасы Николас пен неміс жұртшылығы талай нәрсені үйренді. Қандасымыз қазір Айфель аймағына белгілі кәсіпкер, әрі депутат. Осы абыройдың арқасында жерлесіміз  мемлекеттік қорықтан 39 гектар жер ұтып алды. Енді сол ұлттық парктің ішінде Қазақстанның мәдени орталығы бой көтереді. Көпұлтты Қазақстанның тәжірибесін әлемге үлгі ететін «Еуразия» ордасының қағаздағы нобайы қазір дайын. Инвесторлар табылса, құрылыс жақын күндері басталады. Яғни, мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты насихаттайтын орталықтан бөлек,  300 демалыс орны мен спорттық алаңдар салынады. Қазақ тілін үйренем деушілерге курстар ашылады. Бірлікті ту еткен қазақ елінің тың жобасын жүзеге асыру үшін Жанна отандық кәсіпкерлерді құрылысқа белсене ат салысуға шақырады. Қандасымыздың елі үшін атқарып жүрген еңбегі елеусіз қалмады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Қазақстан мен Германия арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін берілген төсбелгіні еліміздің Германиядағы елшісі Дәурен Қарипов ресми табыстады. «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деген қағиданы ұстанатын Жанна Штрак қос елдің достығын арттыруға бағытталған өзге де тың жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА?
17:15, 14 қаңтар 2021
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА?
Толығырақ...
ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН
13:32, 13 қаңтар 2021
ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН
Толығырақ...
ЖОЛ ЖИЕГІНДЕГІ КӨЛІКТЕР АЙЫП ТҰРАҒЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ
17:19, 13 қаңтар 2021
ЖОЛ ЖИЕГІНДЕГІ КӨЛІКТЕР АЙЫП ТҰРАҒЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ
Толығырақ...