ШҰҒЫЛ! БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ

13:51, 18 қыркүйек 2020

Кеше Мәжілістің пленарлық отырысында жанды фонограммамен ән айтуды реттейтін заң қабылданды. Жағымды жаңалық. Алайда астын сызып айтамыз, бұл фонограммаға мүлде тыйым салатын емес, реттейтін заң. Енді ел алдына шығатын әртіс әнді жанды дауыспен шырқауы шарт. Әгерәки, әнші туындыны фонограммаға сүйеніп айтатын болса мұны алдын ала ескертіп, халықты құлағдар етуі керек. Жаңа заңды жұртшылық қалай қабылдап жатыр?

Жанды дауыспен ән шырқауға қатысты қоғамда сан алуан пікір бар. Бірқатар мемлекеттерде фонограммамен ән айтуға мүлде тыйым салынған. Мәселен, Ұлыбритания, Малайзия, Индонезия мемлекеттерінде әншінің деңгейін яғни оның табиғи дауысын арнайы кеңес мүшелері бағалап, лизенция береді. Біздегі жағдай өздеріңізге мәлім. Десек те жаңа заңды әркім әрқалай қабылдауда. Белгілі дәстүрлі әнші, Мәдениет саласының үздігі Әділ Тұрғанбаев жүгенсіз кеткен жұлдыздарды тәртіпке салу қажет. Киелі сахнаның сәнін кетіргендер жауапқа тартылуы тиіс, - дейді. Расымен де, саны бар сапасы жоқ әншілер жыл санап құмырсқадай қаптап келеді. Көпке топырақ шашуға келмейді, әрине. Кейде, ашық алаңдарда аппаратураның күші жетпей жататын кездердің де болатынын ескерген жөн.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар