ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС Толығырақ

Ескерткішті жаңарту жұмысы

17:51, 22 мамыр 2020

Бекініс негізін қалаған Иван Лихаревтың ескерткіші осы уақытқа дейін қаланың ортасында болған. Уақыт өте келе көлік жолына ыңғайлы ету әрі тұрғындарға демалыс орнын жасау мақсатында оның орнын ауыстыру қажет деп шешілген болатын. Мүсіннің жаңа жері де тарихи орын болмақ. Енді, Иван Лихарев ескерткіші облыс орталығының ең көрікті жерлерінің бірі, Ертіс пен Үлбі өзенінің қосылар тұсында орналасады. Дәл осы жерде 1720 жылы  майор Иван Лихарев Өскемен бекінісін салуға бұйрық берген.  Ольга Прудникова 90-ншы жылдары қалалық коммуналды шаруашылық бөлімінде жұмыс істеген. Оның сөзінше, ең басында мүсінді бекіністің негізі қаланған жерде қоймақ болған, алайда, бірқатар себептер кедергі болыпты. Қаладағы көлік қозғалысының көбеюі салдарынан кей жерлерге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нысандардың орны ауыстырылуда. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің сөзінше, ескерткіш 1990 жылы орнатылған. Содан бері бір рет те толық қайта жөндеу көрмеген. Лихарев ескерткіші қойылатын орында дайындық жұмыстары басталып кеткен. Мердігердің айтуынша, жұмыс  тамызда аяқталады.

Тақырып бойынша материалдар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
18:06, 23 қыркүйек 2020
ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
Толығырақ...