ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Ескерткіштердің орны ауысады

18:03, 15 мамыр 2020

Өскемендегі бірнеше ескерткіштің орнын ауыстыруға тұрғындар наразы. Мәселе соғыс батыры Қасым Қайсеновтың бюсті мен Лихарев ескерткіші турасында. Талқыға түскен тақырыпқа қатысты қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде айтып берді. Екі ескерткіштің де бірнеше себепке байланысты орны ауыстырылмақ. Соның ішінде ең негізгі әрі маңыздысы тарихи нысандар қойылған көшелердегі көлік қозғалысына байланысты екен. Мәдени нысандарды орнынан алудың екінші себебі ағылған көліктердің әсерінен-мыс. Субұрқақтың декоративтік сараптама жұмысымен айналысқан мамандардың болжамынша, ескерткішке жолдан өткен көліктердің вибрациясы яғни, толқыны кері әсер етеді. Мамандар бұған ескерткіштегі жарықшақтар дәлел деп отыр. Көтерілген мәселе жайлы тұрғындардан сұрап көрдік. Мұратхан Сағатовтың сөзінше, мүсіндер ыңғайлы орындарға көшіріледі. Қасым Қайсеновтың бюсті батыр атындағы саябаққа орнатылады. Ал, Лихарев ескерткішін Андреев кафедралды соборының жанына қоймақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар