ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ЕСКЕРТКІШ БЮСТ ОРНАТЫЛДЫ

14:46, 13 қазан 2020

Қайнар ауылында балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің 125 жылдығы мен белгілі әдебиеттанушы ғалым, жазушы. Рымғали Нұрғалидың 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Шара барысында елге елеулі тұлғалардың еңбектері ұлықталып, академик Рымғали Нұрғали мен көрнекті ғалым, соғыс ардагері Төлтай Балақаевтің құрметіне ескерткіш бюст орнатылды. Рымғали Нұрғалидің мерейтойына арналған шара Семейде конференциямен басталып, туған жері Абыралы өңірінде жалғасты. Академиктің кіндік қаны тамған өлкеде ғалымның рухына тағзым етіліп, салтанатты түрде ескерткіш бюст ашылды. «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының президенті Марат Құрманбайдың айтуынша, ғалым қордың құрылтайшысы болған.

Салтанатты шараға жергілікті жұртшылықтан бөлек, белгілі ақын-жазушылар, қоғам өкілдері, кәсіпкер азаматтар қатысты. Ақын Дәулеткерей Кәпұлының айтуынша, Рымғали Нұрғалидің ғылым мен ауыз әдебиетіне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Әсіресе 1995 жылы жарық көрген энциклопедиясы әдебиеттегі шоқтығы биік топтамалардың бірі, - дейді ол. Дәл осындай ескерткіш соғыс ардагері, көрнекті ғалым Төлтай Балақайұлының құрметіне ашылды. Биыл көрнекті қоғам қайраткері, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің туғанына 125 жыл. Абыралы өңірінің тумасы шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Шығармашылық жолында 25-ке тарта дастан, 12 повесть, жүздеген әңгіме, 9 шағын пьесаны жарыққа шығарған. Сондай-ақ, 50-ге тарта әннің мәтінін жазған. Жиында қоғам қайраткерлерінің көзін көрген замандастары, ауыл ақсақалдары естеліктерімен бөлісті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар