ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЖАЯУ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

16:45, 29 шілде 2020

Алматыдан Абай еліне дейін. Хәкім Абайдың  175 жылдық мерейтойына орайластырылған «Абай жолы» атты еріктілердің жаяу экспедициясы өз мәресіне жетті. Саяхатшылар 1150 шақырымды арта қалдырып, Семей қаласына табан тіреді. Алматыдан Семей қаласына бағыт алған төрт адамнан тұратын жаяу жүргіншілер экспедициясы сапарларын 12-маусымда бастаған еді. Саяхатшылар күніне 40-50 шақырым жолды жүріп өтіп, Абай еліне бір айдың ішінде жетуді көздеген. Жоба жетекшісі Дамир Күшеев экспедиция барысында түрлі қиындықтарды да бастан өткергенін жасырмады. Жолға шыққан 4 жолаушының екеуі денсаулығына байланысты сапарларын ерте аяқтауға мәжбүр болған. Қалған мүшелері  жоспарлы межені 46 күнде бағындырып  алға қойған мақсаттарына жетті.

Жобаның мақсаты - еріктілер жылында жастарды төзімділікке шақырып, Абай мұрасын насихаттау. Абайдың туған жері- Жидебайда болған саяхатшылар, киелі жерден ерекше әсер алған. Саяхатшылардың айтуынша, бұл олардың алғашқы экспедициясы. Еріктілер тобы жүрген жолын, ондағы қиындықтарды, елді мекендерді бейнетаспаға түсіріп отырған. Алдағы уақытта жинақталған материалдардан деректі фильм жасамақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар