ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

БОТАЙДАН АЛТЫНОРДАҒА ДЕЙІН

17:20, 19 қараша 2020

Өскемендегі музей-қорықтың Солжағалау кешенінде «Ат және салт атты: ғасырлар тереңіне көз салғанда» көрмесі ашылды. Экспозицияны «Ақ бауыр» кешенінің меңгерушісі Галина Петенева мен «Сәулет және дизайн» бөлімінің меңгерушісі  Маргарита Кожуховская дайындаған. Онда біздің заманымызға дейінгі энеолит дәуіріндегі Ботай қонысынан бастап Алтын Орда мемлекеті құрылуына дейінгі кезең қамтылған. Көшпенділер өмірінде жылқының алатын орны туралы тұщымды мағлұмат берілген. Мұнда келушілер назарына 32 планшет қойылған. Көрме мыңжылдықтар тарихынан сыр шертеді. Жылқының қолға үйретілуі туралы айтылады. Көрмеге келген балалар бой сергітіп, бір уақыт ойларын жинақтау үшін пазл жинауларына болады. Көрме жетекшісі бізге біреуі қалай жиналатынын көрсетті. Қысқасы, мұнда құнды деректер көп. Жылқыны мініс пен шаруашылыққа пайдалануда қолданылатын ат әбзелдері сан түрлі бұйымдардан тұрады. Қазақ халқы бағзы заманнан жылқыны кие тұтып, елдің қорғаны болған ерлердің жан серігі ретінде ерекше дәріптеген. Өйткені  халқымыз  осындай байтақ жерге ие болуымыз, бай дәстүріміздің сақталуы жылқының арқасында деп таниды. Экспозицияны онлайн режимде де тамашалауға болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...