ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУ

17:15, 8 қаңтар 2021

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы екені айтылған.  Бағдарламалық құжатта тіл игеру үшін балалар әдебиетінің рөлі ерекше екені жазылды. Балалар әдебиетін дамыту жолында  республика көлемінде ауқымды жұмыстар қолға алынды.  Осы ретте Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралары туралы сұрап білдік. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік тілде жазылған балаларға арналған шығармалар әлі де аз. Оларға сұраныс жоғары. Кітапханашылар кішкентай оқырмандар іздегендерін таппай кеткен күндер болғанын да жасырмайды. Бүгінде кітапхана қоры мемлекеттік тапсырыс негізінде заманауи баспаларда жарық көрген су жаңа туындылармен біртіндеп толығуда. Сонымен қоса өткен жылдан бері белгілі балалар жазушылары, ақындармен бірлесе отырып  тың жобалар іске асырылды.  Кітапхана қызметкерлері балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ақыл-ойын дамытуға бағытталған кешенді жұмыстар ары қарай жалғасатынын айтады. Бәрі де уақытылы, оңды нәтижемен орындалатынына сенімді. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛЕНА ҚАЗАҚ ТАЗЫСЫН ӘЛЕМГЕ ТАНЫТЫП ЖҮР
13:38, 26 қаңтар 2021
ЕЛЕНА ҚАЗАҚ ТАЗЫСЫН ӘЛЕМГЕ ТАНЫТЫП ЖҮР
Толығырақ...
А.ШӘКӘРІМҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
13:34, 21 қаңтар 2021
А.ШӘКӘРІМҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...