ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ҚОРЫНА ТАРТУ

18:06, 15 қыркүйек 2020

Абай музейінің қоры сирек басылымдар мен кітаптармен толықты. Жинақтарды Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен ұлы ақын мұражайының 80 жылдығына орай, әдебиет сыншысы, Қайым Мұхамедхановтың шәкірті Тыныштық Берікболов сыйға тартты. Ғалым бұл басылымдарды еңбек жолы басталғаннан бері жинап келген. Тыныштық Берікболов елімізге белгілі ғалымдар Қайым Мұхамедханов пен Зәки Ахметовтың шәкірті. Бүгінде Алматы қаласында тұратын ол ұстаздарының ғылыми жолын жалғастырып келеді. Мұражай қорына өткізілген баспа жинақтарының арасында 1911 жылы жарыққа шыққан «Шәкәрімнің шежіресі» кітабы, Қайым Мұхамедхановтың «Абай шығармалырының технологиясы» атты еңбектері кездеседі. Сондай-ақ 50-60 жылдары шыққан 10-нан астам кітап бар. Музей қорына берілген кітаптар көрмеге қойылады. Басты мақсат - өскелең ұрпаққа тарих пен әдебиеттің маңыздылығын көрсету, - дейді музей директоры.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
14:02, 16 қыркүйек 2020
ТҰРҒЫНДАР ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар