Жабағиева Аида Тілеубайқызы

Жабағиева Аида Тілеубайқызы 1977 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Ақмешіт апталығы» газетінде журналист, корректор. Қызылорда облыстық телеарнасында штаттан тыс тілші. «Қала ТД» телеарнасында редактор. 1999 жылы Өскемен қаласында «НТК-Восток» телеарнасында, 2002 жылы «Қалкен ТВ» (КТВ-5) телеарнасында журналист ретінде қызмет атқарады. 2003 жылы  «Телетек» телеарнасында редактор, бас редактор, «31 канал» республикалық медиа холдингінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі. «Интерньюс-Қазақстан» өкілдігінде тележурналистика бойынша шетелдік журналистерден бірнеше рет дәріс алған. 2004 жылы «Қазақстан» РТРК»  АҚ ШҚО филиалына ауысады. Аталған телеарнада корреспондент, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. 2011 жылдың 12 қыркүйегінен бері директордың орынбасары. Марапаттары: Қызылорда қаласы әкімі жүлдесінің иегері (1998 ж.), 2 мәрте - 2005-2007 ж. ҚР ІІМ республикалық байқауының лауреаты, 2007 ж. - республикалық «Тіл және БАҚ» байқауы лауреаты, 2007 ж. - ШҚО әкімі жүлдесінің лауреаты, 2007 ж. - облыстық мемлекеттік тіл байқауының жеңімпазы (гран-при). 2008 жылы маусым айында республикалық байқау жеңімпазы ретінде Германияға (Берлин қаласы) тәжірибе алмасу сапарымен барды. 2008 жылдың тамыз айында біліктілігін жетілдіру мақсатында Оңтүстік Кореяда (Сеул қаласы) болды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011 ж.), ҚР байланыс және ақпарат министрінің құрмет грамотасымен (2011 ж.), «ҚР Ішкі әскеріне 20 жыл» медалімен марапатталды (2012 ж.), «Нұр-сұңқар» республикалық байқауының жүлдегері (2011 ж.), ШҚО әкімі сыйлығының иегері (2011 ж.) атанды. Бірнеше мәрте «Қазақстан» РТРК дипломымен, алғыс хаттарымен марапатталған.