Омаров Тілектес Ғалымұлы

Омаров Тілектес Ғалымұлы 1984 жылдың 28 тамызында ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласында дүниеге келді. 2001 жылы мектепті тәмамдады. 2006 жылы «РТРК «Қазақстан» ШҚО филиалына телеоператор қызметіне орналасады. 2013 жылдың мамыр айынан аға оператор лауазымына ауыстырылды.

2008 жылы Алматы қаласындағы «Қазақстан» РТРК «Телевизиядағы операторлық шеберлік» бағдарламасы аясында біліктілігін шыңдады. 2010 жылы «Өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» ШҚО әкімінің мақтау қағазымен марапатталды. 2013 жылы «РТРК «Қазақстан» ШҚО филиалының 55 жылдық мерейтойына орай Құрмет грамотасымен марапатталды. Дәл осы жылы журналистикаға қосқан айрықша үлесі үшін «Объективті өмір» номинациясы бойынша ШҚО әкімінің сыйлығына ие болды.

Үйленген, екі баланың әкесі.