ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Көшеров Нұртас Солтанұлы

Көшеров Нұртас Солтанұлыдиректор+.jpeg

Білім:

2005 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмәмдады.
2015 жылы Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және Мемлекеттік Қызмет Академиясын бітірді.

Еңбек өтілі:
2004 жылы  Өскемен қалалық «Қалкен ТВ» телеарнасында жүргізуші-корреспондент болып бастады.
2005-2006 ж.ж. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ ШҚО бөлімшесінде жүргізуші-редактор.
2006-2011 ж.ж. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының сарапшы – редакторы,  «Жаңа Қазақстан» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, «Бизнес жаңалықтардың» жетекші – жүргізушісі.
2010-2011 ж.ж «ОКС-Медиа» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі, PR-менеджер.
2011 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Ресей Федерациясындағы тілшілер қосынының жетекшісі.
2019 жылдың 3 қыркүйегінен бастап «Qаzаqstаn» РТРК» АҚ ШҚОФ «Аltai» телеарнасының  директоры.

Мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары:

«Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына 20 жыл» мерейтойлық медальі
«ТМД Парламентаралық ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі
ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың Алғыс хаты, 2011 жыл
ҚР РФ Төтенше және өкілетті Елшісінің Алғыс хаты, 2018 жыл