ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Қасым Азамат Әбiлұлы

1985 жылы 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген.

Білімі: 2006 жылы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiн бітірді. Мамандығы: журналист.

Еңбек жолы:
2006-2009 жылдары Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде тілші.
2009-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, республикалық «Алаш айнасы», «Дала мен қала», «Жас қазақ үні», «Заң» газеттерінің өңірдегі меншікті тілшісі.
2017-2020 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі.
2020 жылдың 21 қыркүйегінен «Altai» телеарнасы қазақ редакциясының шеф-редакторы.

Мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары:
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамотасы. 2016 жыл.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты. 2019 жыл.

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының тұңғыш лауреаты. 2020 жыл.