Бардиж Нұргүл Сүлейменқызы

1957 жылы 12 мамырда дүниеге келген. Ұстаздар отбасында тәрбиеленген. Әкесі Самар ауданында 27 жыл мектеп директоры, ал шешесі осы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болған. 1980 жылы Өскемен педагогика институты, филология факультетін бітіреді. Білім жүйесінде жұмыс істейді. Осы уақыттары облыстық «Рудный Алтай» газетінің өнеркәсіп және транспорт бөлімінде штаттан тыс тілші ретінде еңбек етеді. 1993 жылы «КАДЕС ТВ» коммерциялық телеарнасында жарнама агенті, редактор, одан соң директор қызметін атқарады және 1997 жылға дейін «КТВ-5» (КАЛКЕН ТВ) телеарнасының директоры болады. Алматы қаласында «Интерньюс-Қазақстанның» жарнама, жаңалықтар және телевизиялық менеджмент жөніндегі семинарларына қатысқан. 1997 жылдан бері облыстық телеарнада жарнама агенті, жарнама жөніндегі менеджер, жарнама жөніндегі бас менеджер қызметін атқарады. Бүгінде «Қазақстан» РТРК» АҚ ШҚО филиалының жарнама жөніндегі аға менеджері. «БАҚ бойынша жарнама жөніндегі менеджер» сертификаты бар. «ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің», «Қазақстан» РТРК» АҚ құрмет грамоталарымен марапатталған.