ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Айдос Жұқанұлы

Айдос Жұқанұлы 1977 жылы 10-қазанда Моңғолия елінің Баян-Өлгий қаласында дүниеге келген. 2001-жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын 2001-жылы «Қазақстан»РТРК ШҚФ редакторлық қызметтен бастаған. Осы жерде жүріп, «Қазақстан» ҰТА ШҚО бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 2006 жылы Алматыда «Хабар» агенттігі жаңалықтар бөлімінде тілші, «7 күн» сарапшысы, одан соң 2008 жылы  «Серпін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізүшісі болған. 2012 жылы Алматыда «Қазақстан» ұлттық арнасының «ДАМУ» ток-шоуының авторы әрі дикторы бола жүріп, «Көркем фильм» кинокомпаниясында сценарий жазу, дубляж жасау, редакторлық, актерлық жұмыспен қатар айналысқан. 2016-2017 жылдар аралығында «Алматы» телеарнасында саяси және экономикалық хабарлардың продюсері қызметін атқарды.

2017-жылдың қазан айынан бастап «Altai`» телеарнасы директорының орынбасары – бас редактор қызметін атқарып келеді.